|
«Астана халықаралық әуежайы» АҚ аумағында
фото және бейнетүсірілім жасау шарттары
Астана халықаралық әуежайының аумағында фото және бейнетүсірілім жасаудың белгіленген тәртібіне сәйкес, әуежай басшылығы жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен хаттарды қарап шығып, түсiрілім жасау мүмкіндігі және оның тиімділігі туралы шешім қабылдайды.
Жұртшылыққа бас қаланың тыныс-тіршілігі туралы маңызды оқиғаларды және/немесе Астана әуежайының қызметi туралы ақпарат беру мақсатында жасалатын түсiрілімдер коммерциялық болып табылмайды және «Астана халықаралық әуежайы» АҚ маркетинг бөлімінің қатысуымен және ықпалдасуымен жасалады.
Астана әуежайының аумағында коммерциялық фото және бейне өнiмдерді жасау мақсатында жасалатын түсiрілімдер, оның ішінде деректі және көркем фильмдер, телебағдарламалар және телесериалдар, ойын-сауық бағдарламалары, музыкалық клип, жарнамалық роликтер, ойын-сауық сипатындағы баспа шығарылымдары үшін фототүсiрілімдер, коммерциялық болып есептеледі.
|
|
|
Оқушыларға, студенттер мен ересектерге!
Астана халықаралық әуежайы бойынша экскурсиялардың өткізілуі туралы хабарлауға асығамыз. Экскурсия Астаналық әуежайдың тарихымен танысуға, сондай-ақ әуе кемелеріне қызмет көрсету процестерін, авиалайнерлердің ұшып-қонуын, жолаушылардың ұшу шығу және ұшып келу залдарын көруге мүмкіндік береді. Әуе тасымалын ұйымдастыратын қызметтер мен бөлімдердің жұмысымен тартымды танысу Әуежайдағы мамандықтар туралы көбірек білуге мүмкіндік береді. Өзіңді авиациядағы әсерлі әлемнің бір бөлігі ретінде сезін!
|
|
|
|