PDF Қағазға басу Write e-mail

 
PDF Қағазға басу Write e-mail

Құрметті жолаушылар!

2013 жылғы 7 қаңтардан бастап «Etihad Airways» авиакомпаниясы Астана халықаралық әуежайынан Абу-Даби қаласына ұшу жиілігін аптасына бiр рейстен екi рейске дейін көбейтеді. Бұдан былай Абу-Даби қаласына жұмадан басқа дүйсенбі күні де ұшып келуге болады.

2013 жылғы 16 қаңтардан бастап «Аэросвит» авиакомпаниясы Киев - Астана - Киев бағыты бойынша рейсін тоқтататынын хабарлаймыз.

 
PDF Қағазға басу Write e-mail

Астана әуежайы штат тәртібінде жұмыс істейді

Бүгін бортында 2 жолаушысы бар Көкшетау- Астана рейсімен ұшып келе жатқан Цесна 208 әуе кемесінің жерге қонарда оң жақ дөңғалағы бұзылды. Запа шеккендер жоқ.

Ұшу-қону жолағында ұшақты эвакуациалау жұмыстарын жүргізуге байланысты,  сағат 12:30-дан 13:30-ға дейін Астана әуежайы әуе кемелерін қабылдау және шығару үшін жабық болды. Аталған оқиғаны жою кезінде ұшып келетін 4 рейс кешіктірілді.

Қазіргі уақытта елордалық әуежай штат тәртібінде жұмысын жалғастыруда.

 
PDF Қағазға басу Write e-mail

Құрметті астана тұрғындары мен қонақтары!

Жақын арада Астана әуежайының жолаушылар темриналының аумағында вокзал жанында 378 машина орынға автоматтандырылған  ақылы тұрақ іске қосылады. Сонымен қатар әуежай аумағында  125 және 130 машина орынға арналған екі тегін автотұрақ жұмысын жалғастырады.

Аталған автоматты жүйенің іске қосылуының нақты күні кейін хабарланады.

 
PDF Қағазға басу Write e-mail

Астана әуежайы жалпы нормадан ауытқыған суықтарда штаттық тәртіпте жұмысын жалғастыруда

Астана Халықаралық Әуежайы нормадан ауытқыған суық ауа райына қарамастан штатық тәртіпте өз жұмысын жалғастыруда. Қазіргі уақытта рейстер кесте бойынша орындалуда (ұшуда). Ағымдағы жылдың  15-желтоқсанында 10 рейстің  кешігуінің тіркелуі тек әуе кемесінің кеш келуіне ғана  байланысты. Едәуір кешігулердің себебі санитарлық торапты сумен қамтамасыз ететін ұщақтың дренажды жүйесінің қатып қалуына байланысты. «Эйр Астана» авиакомпаниясының кейбір ұшақтарының техникалық жағынан дайын болмауынан болды. «Эйр Астана» авиакомпаниясының Боинг-767 әуе кемесіне қызмет көрсету барысында суыққа байланысты 4 контейнер тиегіштің біреуінің істен шығып, әуежайдың кінәсінен 1 сағат 40 минутқа  бір ғана кешігу фактісі тіркелген. Алайда тез арада түзетіліп өндірістік жұмысқа қайта қосылды. Әуежайдың барлық арнайы техникасы арнайы бөлінген бокстарда орналастырылған, жұмысқа жарамды жағдайда. Жолаушылар терминалының температурасы белгіленген нормаға сай.

Астана Әуежайы авиакомпанияларға және жолаушыларға уақытылы қызмет көрсетіп, рейстердің кешігуін болдырмас үшін барлық мүмкіндіктерді жасауда.

 
<< Бірінші < Өткен 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңғысы >>

Бет 4 барлығы 28