|

«Бек Эйр» авиакомпаниясы елордалық әуежайда өкілдігін ашты
Ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап «Бек Эйр» авиакомпаниясының өкілдігі Астана әуежайда жаңа жолаушылар терминалындағы 2-қабатта орналасқандығы туралы хабарлаймыз.
Жұмыс уақыты: Тәулік бойы
Сiз өкiлдiктiң қызметi туралы қосымша ақпаратты «БЕК Эйр» авиакомпанияның сайтынан таба аласыз www.bekair.com және телефон бойы: +7 7172 28 65 39, +7 702 218 75 28
Анықтама үшін:
«БЕК Эйр» авиакомпаниясы 2012 жылдан бастап Астана халықаралық әуежайынан алғашқы рет Алматы және Орал бағыты бойынша ұшатын тұрақты рейстер ашты.
|
|
|
Елордалық әуежайда мемлекеттік тілді дамыту.
2013 жылғы 23 қаңтарда «Астана халықаралық әуежайы» АҚ Қазақстан Республикасында Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Көп мағыналы сөздерді аудару проблемалары» атты тәжірибелік семинар өтті. Жалпы семинарға 32 адам қатысты, оның ішінде әуежайдың қызметтерінде, құрылымдық бөлімшелерінде ісқағаздарды мемлекеттік тілде жүргізуге жауапты тұлғалар және мемлекеттік тілді оқыту сабақтарының ісқағаздар тобына қатысатын қызметкерлер қатысты. Семинар әуежайдың 2013 жылға жоспарлаған іс-шаралар жоспарына сәйкес ұйымдастырылды. Семинар барысында тілдерді дамыту қызметінің мамандары көп мағыналы сөздерді аударуда кездесетін проблемалар, атап айтқанда, көп мағыналы зат есім, сын есім және етістік туралы сөз сөйледі және Мемлекеттік терминология комиссиясының бекіткен сөздері және сөз тіркестерімен таныстырды. Семинар соңында қатысушылар аталған тақырып бойынша тапсырмалар орындады және құжаттарды мемлекеттік тілде дайындауда басшылыққа алатын құжаттармен және олардың көшірмелермен қамтамасыз етілді. Семинарға кеңсе инспекторы С. Үсенова қатысып, қызметтің істер номенклатурасын ресімдеу тәртібі туралы сөз сөйледі. Іскерлік пікір алмасу болып, барлық қойылған сұрақтарға толық жауап берілді.

|
|
2012 жылға арналған өндірістік қызмет қорытындысы
Астана әуежайы жолаушылар ағыны өткен жылмен салыстырғанда 2012 жылы 14% өсіп, 2 303 143 жолаушыны құрады. Ішкі әуе желілерінде жолаушылар ағыны 1 490 774 адамды құрады, бұл 2011 жылға қарағанда 12% жоғары. Ең көп сұранысқа ие ішкі рейстер: Алматы, Шымкент және Атырау. Халықаралық әуе желілерінде былтырғы жылмен салыстырғанда жолаушыларға қызмет көрсету саны 25% артып, 812 369 адамды құрады. Алыс шетелдердегі көп сұранысы бар Ыстамбұл, Абу-Даби, Франкфурт және ТМД: Минскі, Мәскеу бағыттары болып табылады. Халықаралық желілерде 2012 жылы жолаушылар ағынының көбеюін «Трансаэро», «Аэросвит» және «Люфтганза» авиакомпаниялары қамтамасыз етті. 2012 жылдың қорытындысы бойынша Астана әуежайы 17 498 рейске қызмет көрсетілді, бұл 2011 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 14% -ға көп. Астана әуежайы бар бағыттардың географиясы мен ұшулар жиілігін үнемі дамытып отырады. 2012 жылы алғашқы рет «Air Astana» авиакомпаниясы Баку, Ташкент, Бейжін, Санкт-Петербург қалаларына рейстер ашты. Мамыр айында «Трансаэро» авиакомпаниясы Мәскеу қаласына рейстердің ұшу жиілігін сенбі сайын күніне бір реттен екі ретке дейін көбейтті. 2012 жылғы 27 тамыздан «China Southern» авиакомпаниясы Үрүмші қаласына рейсті қайтадан жалғастырды.
|
|
Құрметті жолаушылар!
«Украина халықаралық авиажелілері» авиакомпаниясы 2013 жылғы 16 қаңтардан бастап Киев - Астана - Киев бағыты бойынша Астана қаласының әуежайынан жайлы Боинг-737 авиалайнерімен, рейстерді орындауды қайта бастайды. Толық ақпаратты «Кесте» бөлімінен қарауға болады.
|
|
Құрметті елорда тұрғындары және қонақтары!
2013 жылғы 11 қаңтардан бастап жолаушылардың ыңғайлығы үшін Астана әуежайының вокзал алаңында 378 машина орындық автоматтандырылған ақылы тұрақ қызмет етуді бастайды. Автотұрақта бейнетіркеуі бар уақытты және қозғалысты есепке алатын автоматтандырылған жүйе қызмет етеді. Автокөлікті тұраққа кою үшін төлем жолаушылар терминалы ғимаратының бірінші қабатында орналасқан кассалық аппараттарда жүргізіледі. Бұдан басқа, астаналық әуежайдың аумағында 130 машина орындық баламалы тегін автотұрақ қызмет етуін жалғастырады. Қоғамдық көліктің қозғалысы бұрынғы режимде жүзеге асырылатын болады. Тұрақта мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған арнайы бөлінген орындар бар.
Ақылы автотұрақ туралы толық ақпаратты әуежайдың www.astanaairport.kz веб-сайтында "Қызметтер" бөлімінің "Паркинг" бөлігінде қарай аласыз.
Паркинг әкімгерінің байланыс телефоны: +7-7172-777146
|
|
|
|
|
<< Бірінші < Өткен 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңғысы >>
|
|
Бет 3 барлығы 28 |