|
Астана халықаралық әуежайынан Красноярск қаласына алғашқы рет
2013 жылғы 15 маусымнан бастап «NordStar» сауда маркасымен «Таймыр» авиакомпаниясы алғашқы рет Астана халықаралық әуежайынан Красноярск қаласына сенбі сайын аптасына бір рейстік жиілікпен ұшатын тікелей рейс ашады. Рейстер ATR 42-500 жайлы авиалайнерінде орындалады. Астана қаласынан ұшып шығу уақыты сағат 21:00-де, межелі әуежайға ұшып келу уақыты сағат 01:40-та.
Анықтама:
* «Астана халықаралық әуежайы» - Қазақстандағы ең iрi әуежайлардың бiрi, еліміздегі жалпы жолаушылар ағынының 30 пайызын қамтамасыз етедi. 2012 жылы әуежай қызметін 2 303 433 жолаушы пайдаланды. Елорда әуежайы жерүстінде қызмет көрсету бойынша «ИАТА» Кеңесінiң мүшесi болып табылады.
* NordStar авиакомпаниясы - бұл «ГМК «Норильский никель» ААҚ компаниялар тобына кірген, қарқынды дамып келе жатқан авиациялық жоба. 30 маршрут бойынша рейстерді орындайды.

|
|
|
Астана әуежайы ардагерлерді құттықтады
2013 жылғы 03 мамыр күні Ұлы Жеңіс күні мерекесі қарсаңында Астана әуежайы Ұлы отан соғысының қатысушылары, авиация ардагерлерi, Ұлы Отан соғысы кезіндегі тыл еңбеккелерi және ауғанжауынгерлеріне Жеңiстiң 68 жылдығына арналған салтанатты шара ұйымдастырды.
Құрметті қонақтарды – майдангерлер және тыл еңбеккерлерін,өз өмірін авиацияға арнаған ардагерлерді бірінші вице-президент Р. Әдимолда құттықтады. Ол өз сөзінде келе жатқан Ұлы мерекемен ардагерлерді әуежай ұжымы атынан құттықтап, Жеңіс жолына қосқан теңдесі жоқ үлестері үшін шын жүректен алғысын білдірді. Ардагерлерге әуежай, ҚР ҰҚК шекара қызметі қызметкерлерінің, «Нұр Отан» партиясы өкілдерінің орындауында әйгілі соғыс туралы әндерден мерекелік бағдарлама дайындалды. Әр ардагергегүл шоқтары, сыйлықтар ұсынылды. Жыл сайын Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында ардагерлерді құттықтау елордалық әуежай үшін Ұлы Жеңіс тарихын ұмытуға жол бермейтін қасиетті борышы болып қала бермек.

|
|
Астана әуежайда дьюти-фри дүкені ашылды!
Астана халықаралық әуежайында 2013 жылғы 06 сәуірде “Dufry” атақты компаниясы бажсыз сауда дүкенін ашты. Халықаралық рейстердің жолаушыларына парфюмдардың, косметиканың, ішімдіктердің, темекі өнімдерінің, аксессуарлар мен азықтық өнімдердің кең таңдауы ұсынылады. Дьюти-фри халықаралық ұшу залында шекаралық бақылау пунктінің артында орналасқан.

|
|
Құрметті жолаушылар!
2013 жылғы 16 сәуірден бастап «Эйр Астана» авиакомпаниясы алғашқы рет Астана халықаралық әуежайынан Орынбор қаласына сейсенбі, бейсенбі және жексенбі сайын аптасына үш рейстік жиілікпен ұшатын тікелей рейсін ашады. Рейстер Embraer 190 жайлы авиалайнерінде орындалады. Астана қаласынан ұшып шығу уақыты сағат 09:55-те, межелі әуежайға ұшып келу уақыты сағат 12:00-де.
Бұдан басқа, 2013 жылғы 23 сәуірден бастап «Эйр Астана» авиакомпаниясы алғашқы рет Астана халықаралық әуежайынан Қырғызстан астанасы Бішкек қаласына сейсенбі, бейсенбі және жексенбі сайын аптасына үш рейстік жиілікпен ұшатын тікелей рейсін ашады, рейстер Embraer 190 жайлы авиалайнерінде орындалады. Астана қаласынан ұшып шығу уақыты сағат 21:45-те, Бішкек қаласына ұшып келу уақыты сағат 23:35-те.
|
|
Астана әуежайынан Украина астанасына Эйр Астанамен бірге
2013 жылғы 1 сәуірден бастап «Air Astana» авиакомпаниясы алғашқы рет Астана халықаралық әуежайынан Украина астанасы Киев қаласына дейін дүйсенбі, сәрсенбі және сенбі сайын аптасына үш рейс жиілікпен ұшатын тікелей рейстер ашады, рейстер Embraer 190 жайлы ұшағында орындалады.
|
|
|
|
|
<< Бірінші < Өткен 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңғысы >>
|
|
Бет 1 барлығы 28 |