|
|
|
|
Маркетинг бөлімі Маркетинг бөлімі авиатасымалдаушыларды тарту, Әуежайдың корпоративтік клиенттерімен, қатысушыларымен, серіктестерімен ұзақ мерзімді өзара тиімді қарым-қатынас орнату, Әуежайдың маркетингтік стратегиясын, ақпараттық-имидждік саясатын іске асыру, сондай-ақ, маркетингтік коммуникациялар мен зерттеулерді жүзеге асыру жұмыстарын жүргізеді.
Әуежайдың өңдірістік – диспетчерлік қызметі Әуежайдың өңдірістік – диспетчерлік қызметі әуе тасымалдау жоспарының жедел орындалуын, әуе кемелерінің типтеріне қарамай ұшуын жоғары жүйелілікпен қамтамасыз етеді және әуе кемелеріне қызмет көрсетуде Әуежай қызметтерінің қызметін жедел басқарады және үйлестіреді, ақпараттық-анықтамамен қамтамасыз ету үдерісін ұйымдастыруды және жетілдіруді жүзеге асырады.
Қауіпсіздік қызметі Қауіпсіздік қызметі заңсыз араласу актілерінен азаматтық авиацияның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ескертулердің және алдын алу шараларының, ережелер мен рәсімдердің барлық кешендерін қамтамасыз етеді, жоғары қауіп-қатер немесе төтенше жағдай туындаған кезеңде ерекше шараларды, әуежай аумағында орналасқан объектілерді күзетуді, әуежай мүлігінің сақталуын және олардың өртке қарсы жағдайын қамтамасыз етеді.
Тексеру қызметі Жолаушыларды әуе көлігімен тасымалдау және Астана қаласы әуежайына ұшып келетін авиакомпаниялардың талаптарына сәйкес, барлық авиажолаушылар, ұшақтын жүк таситын бөлігіне жіберілетін олардың қол жүгі мен багаждардың қауіпсіздігі толық бақылаудан өтеді. Тексеруден сондай-ақ жүк терминалы арқылы жөнелтілетін барлық жүктер және авиа тасымалдау учаскесінде өңдеуден өтетін барлық пошта жіберілімдері мен борт қорлары өтеді. Қауіпсіздікті бақылау арнайы жабдықталған пункттерде жүзеге асырылады. Аталған пунктер халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес келетін қазіргі заманға сай техникалық құралдармен жабдықталған. Қауіпсіздікті бақылайтын қызметкерлердің осы салада жұмыс істеу тәжірибелері бар. Қызметкерлер кезеңдік дайындықтан өтіп отырады, олардың алған білімдері рұқсаттама – сертификаттарымен расталады. Рейстерге қызмет көрсету кезінде дауыс зорайтқыш байланысы арқылы әуе көлігімен тасымалдауға тыйым салынатын заттар туралы ақпарат беріледі. Әуежайда төмендегідей тексеру жабдықтары бар: 520, 524, 526, S528WLR, 532, металл іздегіш METOR 250, қол металл іздегіш METOR 28, Rapiscan AXIS-3D. Барлық жабдықтар сертификатталған және қызметкерлер мен жолаушылар үшін қауіпсіз.
Мемлекеттік сатып алу басқармасы Мемлекеттік сатап алу басқармасы «Астана халықаралық әуежайы» АҚ қажеттіліктері үшін тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімін жүзеге асырады.
Отын кешені Отын кешені нормативтік талаптарға және тұтынушылардың талаптарына сәйкес, әуе кемелерін сапалы авиациялық жанар-жағар материалдарымен, авиа майлармен және арнайы сұйықтықтармен үздіксіз және уақытында қамтамасыз етеді. Астаналық әуежай жер асты құбырында орналасқан орталықтандырылған гидрантты-отын (16 клапандық люк) жүйесімен және бірінші сыныпты авиациялық отынмен жабдықтауға арналған гидрантты дозатормен (3 дана) жабдықталған. Әуежайда қолданылатын авиациялық отынның атауы ТС-1 (РТ). Көлемі 22 000 литр және көлемі 60 000 литр 6 автоматты отын құйғыштар бар. Отын резервуарларының жалпы көлемі 15 200 тонна (әр қайсысы 2 400 тоннадан 3 резервуар және әр қайсысы 2 000 тоннадан 4 резервуар). Сондай-ақ, Әуежайда отынды сүзу жүзеге асырылады және зертхана бар.
Тамақтану қызметін көрсетуі кешені Тамақтану қызметін көрсету кешені әуе кемесінің авиажолаушылары мен экипаж мүшелерін жоғары сапалы, бәсекеге қабілетті борт тамағымен қамтамасыз етеді, Әуежайдағы қоғамдық тамақтану пункттеріне келушілерге тамақ беруді және қызмет көрсетуді ұйымдастырады. Кешен ең таңдаулы мәзір ұсынады, оның ішінде әр түрлі рациондар бар: дәстүрлі, диеталық, диабетикалық, вегетариандық, мұсылмандық, балаларға арналған және тағы сол сияқты. Өңдірілетін тағамдардың ассортименті 500 артық, оның ішінде әр түрлі елдердің тағамдары бар, дәстүрлі асүй тағамдары ең бастылардың бірі болып қалады. Тамақтың өңдірілуі жоғары технологиялық жабдықтарды қолданумен жасалып, дайын өңімнің, шикізаттың және жартылай өңделген өнімнің сапасы үнемі бақыланады, жеткізушіні және басқа да көп нәрсені мұқият тандайды. Барлық жеткізілетін өнімдерге Қазақстан Республикасының Ұлттық сертификаттау және сараптау орталығы берген сәйкестік сертификаты бар. Жыл сайын миллионнан астам жолаушыларды қамтамасыз ететін тағам, үнемі жаңадан жасалған, денсаулыққа пайдалы және әр түрлі болуы керек. Дәл осыған байланысты өндірістің барлық кезеңдерінде сапаны бақылау көрсетілетін қызметтердің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.
Жылу-техникалық және санитарлық-техникалық қамтамасыз ету қызметі Жылу-техникалық және санитарлық-техникалық қамтамасыз ету қызметі әуежайдың барлық ғимараттары бойынша жылу энергиясын өндіру және бөлумен, ауаны баптаумен, сумен жабдықтаумен және суды төгумен айналысады. ЖТжСТҚ қазандығында Турция-Германияда жасалған әр қайсысының қуаттылығы 11,5кл/сағ үш қазандық жөнделді. Салқындату жүйесі егіз ЧИЛЛЕРДЕН тұрады, ауаны дайындайтын 55 агрегаттан және 70 сплит-ауабаптығыштардан тұрады.
Аэробекет кешені Аэробекет кешені аэробекет кешені иелігіндегі ғимараттар мен құрылыстарды белгіленген пайдалану ережелеріне және нормативтік-техникалық құжаттама талаптарына сәйкес пайдаланылуын, аэробекет кешені (ЕЖТ, ЖЖТ, әкімшілік ғимараты, VIP ғимараты) әуе кемелеріне қызмет көрсетуге, жолаушыларды, багажды және жүкті қабылдауға әрдайым дайындығын қамтамасыз етеді. Аэробекет кешені сыртқы ұйымдармен, сондай-ақ, жарнама берушілермен байланыс жүйесін реттеу, әуежайдың коммерциялық әлеуетін барынша пайдалану үшін жалға алушыларды тарту, жолаушыларға ұсынылатын авиациялық емес қызметтердің сапасын бақылау бойынша жұмыстарды қамтамасыз етеді. Ұшулар қауіпсіздігін бақылау және сапаны басқару қызметі
Ұшуларды іздестіруді, апаттан құтқаруды қамтамасыз ету қызметі ұшулардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, сапа менеджменті жүйесін және Әуежай тұтынушыларының қанағаттануына кепілдік беретін қызметкерлердің кәсібилігін қолдай отырып, Әуежайда қызмет көрсетілетін Қазақстан Республикасы Азаматтық авиациясының, ТМД елдері және алыс шет елдерінің әуе кемелерін авиациялық оқиғалар мен қақтығыстардың алдын алу жұмыстарын жүзеге асырады, сондай-ақ стандарттар мен сапаны енгізу бөлімі сапа менеджментінің жүйесін әзірлеуді, жұмысқа жарамды жағдайда ұстауды және үнемі жетілдіруді жүзеге асырады. Еңбекті қорғауды қамтамасыз ету қызметі Еңбекті қорғауды қамтамасыз ету қызметі жұмыс берушінің атынан өндірісте қауіпсіз және денсаулыққа пайдалы еңбек жағдайын жасау, Әуежайдың құрылымдық бөлімшелерінде өңдірістік жарақат пен кәсіптік аурулардың алдын алу бойынша шаралардың әзірленуіне және орындалуына ішкі бақылауды, сондай-ақ, ұжымдық шартқа сәйкес қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласында жұмыс берушінің міндеттерін орындауды жүзеге асырады.
Стандарттау және метрология қызметі Стандарттау және метрология қызметі Әуежайдың құрылымдық бөлімшелерін метрологиялық қамтамасыз ету бойынша бақылайды және реттейді.
|



Қызметтер туралы

