|
|
|
|
Елорда әуежай ұжымы қалалық сенбілікке жылда қатысып отырады. Биылғы жылы Астана халықаралық әуежайы экологиялық айлық шеңберіне орай 21-сәуір күні дәстүрге айналған сенбілік өткізді. Астана әуежай ұжымының ортақ күш салуымен, әуежай аумағына кіретін жалпы ауданы 38 га. жер таланды және 300 ағаш ақталып, арнайы тениканың 10 бірлігі жұмыс істеді. Әуежай аумағын қоқыстан тазалап, оны көркейтуге 850-ден астам әуежай қызметкерлері қатысты. Қаланы тазалау мен көгалдандыру бойынша ұйымдастырылған ісшараға қатысқан әр қызметкер елордалық әуежай аумағын жалпы жақсарту жолында өз үлесін қосты.
|






