PDF Қағазға басу Write e-mail

Астана халықаралық әуежайында «Наурыз мейрамы тойлау

2012 жылғы 22 наурызда  Пригородный кентінде  ұлттық мереке «Наурыз мейрамына» арналған салтанатты іс-шара өткізілді. Аталған іс-шара «Астана халықаралық әуежайы» АҚ (бұдан әрі – «АХӘ» АҚ), «АХӘ» АҚ қызметкерлерінің кәсіподағы, ҚР ІІМ Ішкі істер желілік бөлімі, шекаралық бақылау бөлімі,  «Казаэронавигация» РМК және «Airservice Astana» ЖШС-мен  бірлесе ұйымдастырылды. Мерекеге келген қонақтарға аталған кәсіпорындардың қызметкерлері концерттік бағдарлама өткізді, онда 40 астам нөмірлер, сондай-ақ, 9 спорттық көріністі іс-шара ұсынылды. Соның ішінде Шешен-ингуш қоғам бірлестігі, «Оберег» Украин қоғам бірлестігі және Казактар қоғамының нөмірлері болды. Пригородный кентінде «Наурыз мейрамын» мерекелеуге Есіл ауданының әкімі, Есіл ауданы «Нұр Отан» ХДП филиалының төрағасы С.С. Мустафина, Есіл ауданы «Нұр Отан» ХДП филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж.М. Шакенов, қалалық маслихаттың депутаты«Астана халықаралық әуежайы» АҚ президенті Қ.К.Жауханов  қатысты. 500 адамға жуық мерекеге жиналған қонақтар ұлттық тағамдарды ауыз тиіп, қонақжайлы қазақ киіз үйлеріне кіріп шықты, концерттік бағдарламаға  және спорттық іс-шараларға қатысқан 70 адамға «Астана халықаралық әуежайы» АҚ, «АХӘ» АҚ қызметкерлерінің кәсіподағы атынан  бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттар табыс етілді. Көктем мерекесі «Наурыз мейрамын» Пригородный кенті әсем шығармашылық нөмірлермен, дәмді тағамдармен  және көтеріңкі көңілмен атап өтті. Ұлттық мерекелерді және қоғамдық мәдени іс-шараларды  атап өту астаналық әуежайдың әлеуметтік саясатының басым сипаттағы бағыттарының бірі болып табылады.