PDF Қағазға басу Write e-mail

Астана әуежайы Көрмелер халықаралық бюросының сараптама комиссиясын қарсы алды

Көрмелер халықаралық бюросының (КХБ) бас хатшысы Висент Гонсалес Лоссерталестің басшылығымен көрмелер халықаралық бюросының сараптамалық комиссиясы Астана қаласына ресми сапармен келді. Сарапашылар елдің басшылығымен кездесіп, ЭКСПО-2017 дүниежүзілік көрмесін өткізу мүмкіндігін талқылады. Осындай кең ауқымды шараны Қазақстанның астанасында өткізу мүмкіндігі туралы әуежайда да білуге болады. Астананың тұрғындары мен қонақтарын жолаушылар терминалының ішінде және сыртында орналастырылған ақпараттық баннерлер, ЭКСПО эмблемасы бар тулар қарсы алады. Дүниежүзілік көрмеге байланысты жолаушылар ағыны екі есе және одан да көп артатын болады. Көрсеткіштердің өсімін есепке ала отырып, әуе кәсіпорны инфрақұрылымды дамыту және жаңа әуе тасымалдаушыларын жұмылдыру бойынша жұмысты үнемі атқарады. 2020 жылға дейін астаналық әуежайды дамыту жоспарының шеңберінде жолаушылар ағыны өсуін есепке алумен әуе вокзалының алаңын ұлғайту, борттық тамақтану цехінің қосымша ғимаратын салу көзделген. Астаналық әуежайдың қазіргі заманғы терминалының және құралдарының, жоғары мамандандырылған ұжымының бар болуы ЭКСПО-2017 қатысушылары мен қонақтарын тиісті деңгейде қарсы алуға мүмкіндік береді.

 

f