|
|
|
|
Астана халықаралық әуежайға ИКАО өңірлік бюро директоры келіп кетті ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық аваиация комитетіне келу шеңберiнде, ИКАО өңірлік бюросының директоры Л.Ф.Альмейда астаналық әуежайға келіп кетті. «Астана халықаралық әуежайы» АҚ басшылығының атынан президент Қ.К. Жауханов және бірінші вице-президент Е.К.Керей ИКАО аймақтық бюросының директорына әуежайдың инфрақұрылымы, даму келешегі, өндірістік көрсеткіштер туралы толық әңгiмеледi; әуежай кешенінің негізгі объектілерін көрсеттi. Әуежай қызметінің негізгі көрсеткіштерімен танысып, ИКАО өңірлік бюросының директоры әуежайдың басшылығына экскурсия үшін алғыс айтты және кәсіпорынның қызметкерлерінің жұмысы, арнайы техника және жабдықтың жағдайы мен ұстауына жоғары баға бердi. Кездесудің нәтижесін бағалай отырып, «АХӘ» АҚ президенті Қ.К. Жауханов елордалық әуежайдың дамуы ИКАО ұсыныстары мен ИКАО және ИАТА халықаралық стандарттарына сәйкес екендігін, әуежайдың табысты дамуының кепілі мен қызметтердің жоғары деңгейде қалыптастыруға мүмкіндік беретінін айтып кетті.
|






