|
|
|
|
Жүк перронының ауданы PCN 68 төзімді жабынымен 8400м2 құрайды. Жүк терминалы ғимаратының жалпы ауданы - 2200 м2, онын ішінде пайдалы ауданы - 1 401 м2, биіктігі – 10,65 м. Пайдалы ауданы келесі алаңдардан тұрады: 1. Түсіру және жөнелту қоймалары – S-950м2 болғанда V=3 800м3; 2. Арнайы қоймалар – S=82,4 м2 болғанда V=346 м3; 3. Тоңазытқыш камераларынан – S=106,8м2 болғанда V=342м3; 4. Кеңсе бөлімдерінен – S=261,7м2 5. Маңдайша астындағы алаң – S=1064 м2 болғанда V=7100 м3; Арнайы қоймалар биологиялық және радиоактивті заттарды сақтауға арналған S=34,4 м2 және ерекше бағалы немесе тез бұзылатын жүктерге арналған S=48 м2 жайлардан құралған. Терминалдың өткізу күштілігі тәулігіне шамамен 600 тонна жүкті құрайды, жүк перроны бір уақытта төрт әуе кемесін қабылдай алады.
|



ЖҮК ТЕРМИНАЛЫ




