|
22.08.2012 17:33 |
|
Құрметті жолаушылар!
«БЕК Эйр» авиакомпаниясы 2012 жылғы 17 тамызынан бастап Астана халықаралық әуежайынан алғашқы рет Алматы бағыты бойынша аптасына екі рет дүйсенбі және сенбі сайын ұшатын тұрақты рейстер ашатындығын хабарлаймыз. «Эйр Астана» авиакомпаниясы 2012 жылғы 25 тамызынан бастап Астана халықаралық әуежайынан алғашқы рет ҚХР, Пекин қаласына жаңа рейсті ашады. Ұшулар жиілігі аптасына екі рет, сәрсенбі және сенбі күндері Boeing-757 жайлы әуе кемесінде жүзеге асырылады. Жаңа рейстің ашылуы арқасында авиасаяхатшыларда Оңтүстiк-Шығыс Азияға саяхат жасауға мүмкіндік көбейеді. Осы рейс Қазақстан мен Қытай татулас елдерінің екі елордаларын тікелей байланыстыруға мүмкіндік береді. 2012 жылғы 27 тамызынан бастап «China Southern Airlines» авиакомпаниясы Астана халықаралық әуежайынан ҚХР, Үрімші қаласы бағыты бойынша аптасына төрт рет дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі сайын ұшатын рейстерді қайта бастайды. Бұрын авиакомпания 2006 жылы Қазақстанның астанасына рейстерді жүзеге асыратын және ұзақ үзілістен кейін рейстерді қайта бастады. Қазіргі уақытта Астана халықаралық әуежайынан Үрімші қаласына «Эйр Астана» авиакомпаниясы рейстерді орындайды. «China Southern Airlines» авиакомпаниясының рейстерінің ашылуы арқасында Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарының Үрімші қаласына жиі барып тұруына мүмкіндік пайда болады.
|
|
|
14.08.2012 09:28 |
|
Астана әуежайы XXX Олимпиада ойындарының жүлдегерлері мен қатысушыларын қарсы алды
14 тамызда, таң сәріде, Лондон қаласынан қазақстандық спортшылар - XXX Олимпиада ойындарының жүлдегерлері мен қатысушылары Астана әуежайына ұшып келді. Олардың арасында, алтын медаль иегері Серік Сәпиев, қола медаль иегері Марина Вольнова, Иван Дычко және Данияр Елеусіновтар болды. Олимпиада жүлдегерлерін Қазақстанның барлық түкпірлерінен жиналған жүзден астам жанкүйерлер құттықтау сөздерімен және гүл шоқтарымен қарсы алды. Сондай-ақ, спортшыларды жақын туыс адамдары да, әріптестері мен шенеуніктер де қарсы алып жатты. Астана әуежайы Астана қаласы Әкімдігімен бірлесе отырып, спортшыларды салтанатты түрде қарсы алды және сайыстың нәтижесіне байланысты баспасөз конференция ұйымдастырды. Аталған баспасөз конференциясында толағайлар жанкүйерінің көрсеткен қолдауы үшін өз алғыстарын білдіріп, жеткен жеңістерін Қазақстан халқына арнайтындықтарын айтып өтті. Астана әуежайы спортшыларды өз еңбектерімен жеткен жеңістерімен құттықтай отырып, оларға бұдан әрі жарыстарда табысқа қол жеткізуге сәттілік тілейді.

|
|
10.08.2012 16:52 |
|
Астаналық әуежай олимпиялық жүлдегердi қарсы алды
Бүгiн, 2012 жылғы 10 тамызда, астаналық әуежай еліміздің мақтанышы, Лондондағы олимпияда ойындарында үш дүркiн секiруден алтын медальді жеңіп алған қазақстандық жеңiл атлет Ольга Рыпакованы қарсы алды. Астана қаласының әуежайында олимпияда ойындарының жеңімпазын гүлдермен, транспаранттармен жүзге жуық жанкүйер құттықтауға келді. Қазақтың дәстүрлеріне сәйкес, байлық пен аманшылықты бейнелейтін шашу салты орындалды. Астана әуежайында спортшылар мен олардың жанкүйерлерін қарсы алу және шығарып салуда көп жылдық тәжірибесі бар. Ағымдағы олимпияда ойындарына Астана әуежайынан Серік Сапиев, Данияр Елеусінов, Әділбек Ниязымбетов, Саида Хасенова, қола жүлдегер Марина Вольнова және басқа боксшылар, грек-рим күрес бойынша күрескерлер Нұрмахан Тыналиев, қола медаль иегері Даниял Гаджиев, еркін күрес бойынша қола медаль иегері Гюзель Манюров және басқа да көптеген белгiлi спортшылар ұшып кетті. Астана халықаралық әуежайының ұжымы Ольга Рыпакованы жеңісімен шын жүректен құттықтайды, жаңа жетiстiктер мен табыс тiлейдi

|
|
|
|
|
<< Бірінші < Өткен 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңғысы >>
|
|
Бет 10 барлығы 43 |