PDF Қағазға басу Write e-mail
20.12.2012 12:33

Құрметті астана тұрғындары мен қонақтары!

Жақын арада Астана әуежайының жолаушылар темриналының аумағында вокзал жанында 378 машина орынға автоматтандырылған  ақылы тұрақ іске қосылады. Сонымен қатар әуежай аумағында  125 және 130 машина орынға арналған екі тегін автотұрақ жұмысын жалғастырады.

Аталған автоматты жүйенің іске қосылуының нақты күні кейін хабарланады.

 
PDF Қағазға басу Write e-mail
16.12.2012 18:04

Астана әуежайы жалпы нормадан ауытқыған суықтарда штаттық тәртіпте жұмысын жалғастыруда

Астана Халықаралық Әуежайы нормадан ауытқыған суық ауа райына қарамастан штатық тәртіпте өз жұмысын жалғастыруда. Қазіргі уақытта рейстер кесте бойынша орындалуда (ұшуда). Ағымдағы жылдың  15-желтоқсанында 10 рейстің  кешігуінің тіркелуі тек әуе кемесінің кеш келуіне ғана  байланысты. Едәуір кешігулердің себебі санитарлық торапты сумен қамтамасыз ететін ұщақтың дренажды жүйесінің қатып қалуына байланысты. «Эйр Астана» авиакомпаниясының кейбір ұшақтарының техникалық жағынан дайын болмауынан болды. «Эйр Астана» авиакомпаниясының Боинг-767 әуе кемесіне қызмет көрсету барысында суыққа байланысты 4 контейнер тиегіштің біреуінің істен шығып, әуежайдың кінәсінен 1 сағат 40 минутқа  бір ғана кешігу фактісі тіркелген. Алайда тез арада түзетіліп өндірістік жұмысқа қайта қосылды. Әуежайдың барлық арнайы техникасы арнайы бөлінген бокстарда орналастырылған, жұмысқа жарамды жағдайда. Жолаушылар терминалының температурасы белгіленген нормаға сай.

Астана Әуежайы авиакомпанияларға және жолаушыларға уақытылы қызмет көрсетіп, рейстердің кешігуін болдырмас үшін барлық мүмкіндіктерді жасауда.

 
PDF Қағазға басу Write e-mail
11.12.2012 10:29

Астана халықаралық әуежайы СТ ҚР ИСО 9001-2001 және МС ИСО 9001:2008 халықаралық стандарттарына сәйкестігіне сертификатталды

Ағымдағы жылдың қарашасында "Астана халықаралық әуежайы" АҚ QS Azia Sertik» и DQS (Германия) ЖШС СМЖ ОПК аудиторлары СТ ҚР ИСО 9001-2001 және МС ИСО 9001:2008 мемлекеттік және халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкестігіне кезекті СМЖ бірлескен аудит өткізді. "Астана халықаралық әуежайы" АҚ ұсынылатын қызметтердің сапасын басқара алатынын растайтын СТ ҚР ИСО 9001-2001 және МС ИСО 9001:2008 СМЖ талаптарына сәйкес келудің екі сертификатын және IQNet бірыңғай халықаралық үлгісінің сертификатын беру сәтті аудиторлық тексерістің қорытындысы болды.

"Астана халықаралық әуежайы" АҚ клиенттердің және басқа мүдделі тараптардың қажеттіліктерін және қалауларын қанағаттандыру үшін көрсетілетін қызметтің сапасын үнемі жақсартуды қамтамасыз ету мақсатында сапа менеджменті жүйесі әзірленді, құжатталды және жұмыс жағдайында ұсталады. Компанияда ұйымды басқару құрылымы және жауапкершіліктің деңгейлері айқындалды. СМЖ аясында қызмет үшін жауапкершілікті жоғарғы басшылық белгілейді. Ұйымның басшысы барлық мүдделі тараптардың табысқа жетуі үшін СМЖ қызметін қолдайды. Көрсетілетін қызметтердің сапасын қамтамасыз етуге, жұмысшы персоналдың техникалық деңгейін арттыруға, жұмыс үшін қажетті жағдайларды жасауға, көрсетілетін қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге, стандарттардың талаптарын сақтауға бағытталған сапа саласында әзірленген саясат бар. Жоғарғы басшылық және бөлімшелердің басшылары сапа саласындағы саясатты және мақсаттарды іске асыруды, оның ішінде қарамағындағы қызметкерлерді тұтынушының талаптарын, сондай-ақ заңнамалық және реттегіш талаптарын орындау маңыздылығы туралы хабардар етуді қамтамасыз етеді. Жоғарғы басшылық жоспарланған аралық арқылы сапа менеджменті жүйесін жарамдылыққа, адекваттыққа және нәтижелілікке талдайды.

Ұйымның мақсаттарына жету, СМЖ жұмыс күйінде ұстау үшін мынадай қорлар айқындалған: қызметкер, жеткізуші-серіктестер, инфрақұрылым, негізгі техникалық құралдар, ақпараттық мәліметтер, бағдарламалық қамтамасыз ету. Компания міндеттерді орындау үшін тиісті жағдайларды, әлеуетті қалыптастыру, сондай-ақ еңбекті оңтайлы ұйымдастыруды қамтамасыз ету мүмкіндіктерін жасады.

ИСО 9001:2008 халықаралық стандартының және СМЖ құжаттарының талаптарына СМЖ сәйкестігін тексеру мақсатында "Астана халықаралық әуежайы" АҚ ішкі аудитті өткізеді. Ұйым сәйкестік туралы деректерді үнемі жинастырып, талдайды, олар СМЖ жарамдылығын және нәтижелілігін көрсетеді, сондай-ақ оның үнемі жақсаруын жоспарлайды.


 
<< Бірінші < Өткен 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңғысы >>

Бет 7 барлығы 43