|
23.01.2013 15:27 |
|
2012 жылға арналған өндірістік қызмет қорытындысы
Астана әуежайы жолаушылар ағыны өткен жылмен салыстырғанда 2012 жылы 14% өсіп, 2 303 143 жолаушыны құрады. Ішкі әуе желілерінде жолаушылар ағыны 1 490 774 адамды құрады, бұл 2011 жылға қарағанда 12% жоғары. Ең көп сұранысқа ие ішкі рейстер: Алматы, Шымкент және Атырау. Халықаралық әуе желілерінде былтырғы жылмен салыстырғанда жолаушыларға қызмет көрсету саны 25% артып, 812 369 адамды құрады. Алыс шетелдердегі көп сұранысы бар Ыстамбұл, Абу-Даби, Франкфурт және ТМД: Минскі, Мәскеу бағыттары болып табылады. Халықаралық желілерде 2012 жылы жолаушылар ағынының көбеюін «Трансаэро», «Аэросвит» және «Люфтганза» авиакомпаниялары қамтамасыз етті. 2012 жылдың қорытындысы бойынша Астана әуежайы 17 498 рейске қызмет көрсетілді, бұл 2011 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 14% -ға көп. Астана әуежайы бар бағыттардың географиясы мен ұшулар жиілігін үнемі дамытып отырады. 2012 жылы алғашқы рет «Air Astana» авиакомпаниясы Баку, Ташкент, Бейжін, Санкт-Петербург қалаларына рейстер ашты. Мамыр айында «Трансаэро» авиакомпаниясы Мәскеу қаласына рейстердің ұшу жиілігін сенбі сайын күніне бір реттен екі ретке дейін көбейтті. 2012 жылғы 27 тамыздан «China Southern» авиакомпаниясы Үрүмші қаласына рейсті қайтадан жалғастырды.
|
|
|
14.01.2013 14:48 |
|
Құрметті жолаушылар!
«Украина халықаралық авиажелілері» авиакомпаниясы 2013 жылғы 16 қаңтардан бастап Киев - Астана - Киев бағыты бойынша Астана қаласының әуежайынан жайлы Боинг-737 авиалайнерімен, рейстерді орындауды қайта бастайды. Толық ақпаратты «Кесте» бөлімінен қарауға болады.
|
|
11.01.2013 00:00 |
|
Құрметті елорда тұрғындары және қонақтары!
2013 жылғы 11 қаңтардан бастап жолаушылардың ыңғайлығы үшін Астана әуежайының вокзал алаңында 378 машина орындық автоматтандырылған ақылы тұрақ қызмет етуді бастайды. Автотұрақта бейнетіркеуі бар уақытты және қозғалысты есепке алатын автоматтандырылған жүйе қызмет етеді. Автокөлікті тұраққа кою үшін төлем жолаушылар терминалы ғимаратының бірінші қабатында орналасқан кассалық аппараттарда жүргізіледі. Бұдан басқа, астаналық әуежайдың аумағында 130 машина орындық баламалы тегін автотұрақ қызмет етуін жалғастырады. Қоғамдық көліктің қозғалысы бұрынғы режимде жүзеге асырылатын болады. Тұрақта мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған арнайы бөлінген орындар бар.
Ақылы автотұрақ туралы толық ақпаратты әуежайдың www.astanaairport.kz веб-сайтында "Қызметтер" бөлімінің "Паркинг" бөлігінде қарай аласыз.
Паркинг әкімгерінің байланыс телефоны: +7-7172-777146
|
|
|
|
|
<< Бірінші < Өткен 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңғысы >>
|
|
Бет 5 барлығы 43 |