PDF Қағазға басу Write e-mail
08.05.2012 10:32

Астана халықаралық әуежайы ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтады!

Жыл сайын Астана халықаралық әуежайы біздің Отанымызға Жеңіс сыйлаған ардагерлерді құттықтайды. 2012 жылдың 4 мамырда Астана әуежайында Ұлы Жеңістің 67-ші жылдығына арналған дәстүрлі шара өткізілді.Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, тыл еңбекшілеріне, әуе кәсіпорны ардагерлеріне және Ауғанстандағы даулы жағдайларының қатысушыларына арнайы бағдарлама дайындалды: Астана әуежайы қызметкерлері, №24 орта мектептің оқушылары, «Астана» шекаралық бақылауы бөлімінің 2014 әскери жасағының қызметкерлері және Есіл ауданының ХДП «Нұр Отан» партиясы филиалынан ән, өлеңдер, көріністер орындалды. Сондай-ақ, ақшалай сыйлықақылар берілді. Құрметті қонақтарды Жеңiс мерекесiмен «Астана халықаралық әуежайы» АҚ бiрiншi вице-президентi Есбол Құсманұлы Керей құттықтады және әуежайдың ұжымы бiздiң әуежайды ашық аспанның астында дамытуға мүмкiндiк бергені үшін өз ардагерлерін қадірлеп еске сақтайтынын атап өтті. Бұдан басқа, Есіл ауданының ХДП «Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары –Жақсылық Малбақтыұлы Шәкенов – ардагерлерге құттықтау сөздерін айтты. Шараның ресми бөлімін мерекелік түстік қонағасы жалғастырды. Кештің аяғында Ардагерлер алқасының төрағасы - Валерий Егорович Гуторов – барлықтарына мықты денсаулық және ұзақ ғұмыр тіледі.

 
PDF Қағазға басу Write e-mail
07.05.2012 14:23

Астана халықаралық әуежайы және Etihad Airways авиакомпаниясы табысты ынтымақтастығына - 3 жыл

2012 жылғы 7 мамырда "Астана халықаралық әуежайы" АҚ және "Etihad Airways" авиакомпаниясы табысты ынтымақтастықтарының 3 жылдығын атап өтті. 2009 жылдың осы күні "Etihad Airways" БАӘ ең ірі авиакомпаниясы Абу-Даби - Астана бағыты бойынша Қазақстанның елордалық әуежайына бірінші үздіксіз рейсін орындады. Осы уақытта авиакомпания Астана мен Абу-Даби арасында 254 рейсті орындап, 12 мыңнан астам жолаушыны тасымалдады. Жыл сайын "Etihad Airways" авиакомпаниясының Астана арқылы тасымалданған жолаушыларының саны көбейіп келе жатыр. Жолаушылар ағынының жылдық орташа өсуі 10 %-ды құрайды. Маршруттың тармақты желісінің арқасында жолаушылар Астанадан Абу-Даби арқылы әлемнің кез келген жеріне жете алады. Абу-Даби қазақстандық туристер мен іскерлердің бірден-бір маңызы зор бағыттарының бірі болып табылады.

 
PDF Қағазға басу Write e-mail
02.05.2012 16:54

Астана әуежайынан Өзбекістан астанасына Эйр Астанамен

2012 жылғы 12 мамырдан бастап «Air Astana» авиакомпаниясы алғашқы рет Астана халықаралық әуежайынан Өзбекістан астанасы Ташкент қаласына дейін сейсенбі және сенбі сайын аптасына екі рейс жиілікпен ұшатын тікелей рейстерді жүзеге асырады, рейстер Embraer 190 жайлы ұшағында орындалады. Қазіргі уақытта басқа авиатасымалдаушы Астана қаласынан аптасына екі рет рейстерді орындауда. Астанадан Ташкентке ұшатын рейстерді жүзеге асыратын бірнеше авиакомпанияның ұшулары жолаушыларға ұшып келудің/ұшудың қолайлы күнін және уақытын таңдауға мүмкіндік береді.

 
<< Бірінші < Өткен 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңғысы >>

Бет 1 барлығы 28